Текст
2021 жылы 28 сәуірде "Еленовка аулының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ- де мектеп өзін- өзі басқару Президентін сайлау өтті. Президенттікке үміткерлер ұсынылды: Еслямбекқызы Қайырлы- 8 "А" сынып оқушысы, Кажмурат Әмірболат- 8 "А" сынып оқушысы, Рамазанова Дильнура- 8 "А" сынып оқушысы.
Дауыс беруге 5-11 сынып оқушылары, сондай- ақ мектеп мұғалімдері қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 8 "А" сынып оқушысы Рамазанова Дильнура мектептің өзін- өзі басқару Президенті болды, ол ең 60% дауыс алды.
Құттықтаймыз! Жаңа мәртебеде- мектептің өзін- өзі басқару Президентінде табыс тілейміз!