Текст
1 маусым күні мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуы өтті. Бірінші ауысым басшылары Мағаз Мейрам және Горохова Илона Борисовна. Балаларды мектеп директоры Нұртазина Алма Мақжанқызы құттықтады, одан кейін басшылар балаларды мереке тарихымен таныстырды. Осыдан кейін балалар танымдық, көңілді ойындар ойнады. Мереке барысында балаларға Бұлақ ауылы әкімдігі бөлген қаржыға балмұздақ берілді. Іс-шара көңілді бимен аяқталды. Балалар өте риза болды.