"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық талқылау Еленовка ауылының ЖОББМ

04.03.2022

«Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Еленовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ 2020, 2021 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Еленовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ. Мекенжайы: Еленовка ауылы, Школьная көшесі 17.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Еленовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ

 білім беру ұйымдары 6 қызмет көрсетті:

1.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балалардың қорытындысы»;

2.«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау», "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";

3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту»;

4.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну»;

5.«Педагогтардың біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау»;

6. .«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру»

 

2020 жылы  «Еленовка ауылының ЖОББМ» КММ -116 қызмет жасалды, сонын ішінде:

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 51;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 65.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

2021 жылы «Еленовка ауылының ЖОББМ» КММ -156 қызмет жасалды, сонын ішінде:

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 98;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 58.

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балалардың қорытындысы»;

 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну»;

«Педагогтардың біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған sc0012.zerenda.aqmoedu.kz. Мектепте  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

 

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. 

 3)Ата-аналар жиналыстарында сынып жетекшілері мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жеткізеді.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Ай сайын 3 мемлекеттік қызмет бойынша білім бөліміне есеп тапсырылады:

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;

«Педагогтардың біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау».

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. 

"Еленовка ауылының ЖОББМ" КММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсететін 2 қызметкер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген,  2019 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша оқыту семинарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2020, 2021 жылдары мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

2022 жылы "Еленовка ауылының ЖОББМ" КММ жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

 

 

     Мектеп директоры                                               Нуртазина А.М.                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст