Текст
24.11.2022 жылы Еленовка ауылының ЖОББМ де мемлекеттік тілде оқитын 8 және 11 сыныптар арасында « Сен өз құқыңды білесің бе?» атты сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Сынып сағаты сайыс түрінде өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, сайысты өздерін таныстырумен бастады. Қызықты сұрақтарға жауап беріп,жұмбақтар шешіп, суреттер салу арқылы өз ойларын жеткізе білді. Қортынды бөлімінде оқушылар «Бақытты өмір» — дегенді қалай түсінесіз? Бақытты өмір сұру үшін не істеу керек? Сұрақтарға ойларын суретке бейнелеу арқылы жеткізді.