"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"


Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«КВН - 2018»

23.02.2018

«КВН - 2018»

     Ақпанның 21-ші жұлдызында Еленовка орта мектебінде, жылдағы дәстүр бойынша аға тәлімгердің ұйымдастыруымен  «КВН - 2018» атты 5-10 сыныптар арасында   «Көңілділер мен тапқырлар» фестивалінің іріктеу сайысы өтті.

Мақсаты: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымдық қарым-қатынасқа баулу,

актерлік шеберліктерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау.

   Іріктеу сайысына 11 топ, яғни,

5«А» сыныптың «Бестің белсенділері»,

6 «А» сыныптың «Тәттілер»,

6 «Б» сыныптың «Смехопад»,

7 «А» сыныптың «Байдың балалары»,

7 «Б» сыныптың «Торнадо»,

8 «А» сыныптың «Тинейджер», 

8 «Ә» сыныптың «Назар аудар», 

8 «Б» сыныптың «Экстрим», 

9 «А» сыныптың «Жастар»,

10 «А» сыныптың «Жігітттер»,

10 «Б» сыныптың «БЭМС» топтары қатысты.

Сайыс 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Сәлемдесу – Жасыл жарық», екінші бөлім  «Үй тапсырмасы – Көктемнің келуі» еркін тақырып көлемінде өтті. Команда капитандары сахнаға шығу ретін жеребе тарту арқылы анықтап алды. Сайыстың  реті бойынша топтар  өз өнерлерін ортаға салып, тамаша әзілдерімен қуантты.

 

 

 

 

Әділқазылардың шешімімен  «Гран-При» - 5  «А»  сыныпбы, 1-ші орынды 10 «А» сыныбы мен  6 «Б» сынып топтары , ІІ-ші орынды 6 «А» сыныбы және 10 «Б» сынып топтары, ІІІ-ші орынды 8 «Ә» сыныбы және 7«Б » сынып топтары  жеңіп алды. 8 «А» сыныбының тобына  «Көрермендер көзайымы» номинациясы,  7 «А» сыныбы және 10 «Б» сынып топтарына  «Ең үздік әзіл» номинациясы беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

     Бұл ойынның қызықты өтуіне, яғни оқушыларды сайысқа дайындаған сынып жетекшілеріне және осы «Көңілділер мен тапқырлар» ойынында белсенділік танытып, қатысқан оқушыларымызға өнерлерің өрге жүзсін дей отырып, ұстаздарына шығармашылық табыс тілеп, алғысымызды айтамыз.

  Аға тәлімгер Крец О.А.

 

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст