"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілі апталығының қорытындысы

03.02.2020

       2020 жылы  13.01-24.01 аралығында ағылшын тілі апталығы өткізілді. Апталық жоспар бойынша ұйымдастырылды.

 Апталықтың мақсаты: оқушылардың  ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру.  

 Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан  тыс іс-шара  және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.

5-8 сынып оқушылары “ English speaking countries ” тақырыбына қабырға- газеттерін шығарды. Қабырға-газеттер жоғары деңгейде салынған және Англия туралы пайдалы ақпаратқа толы болды. Осы сайыста сыныптарға келесі орындар берілді:

1 орын- 7 «А» және 6 «А» сыныптар

2 орын- 7 «Б», 6 «А» және 5 «Б»

3 орын- 6 «Б»

 Сыздыкова С.Н. “Welcome to the World of Friendship” атты көрмені 2 сыныптар арасында ұйымдастырды. Көрмеге оқушылар әр түрлі суреттер салды. Суреттер әдемі салынған.

5-6 сыныптар арасында  «In the World of  Poetry» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

  1. орын Аскарова Меруерт
  2. орын Бекбулатов Аркен
  3. орын  Сайдалина Мерей, Баймен Анель

Сонымен қатар “Live and Sing” атты ән айту сайысы болды. Оқушылар өз өнерлерін көрсете білді.

7 «А» сыныбында «My favorite book»  ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар әр-түрлі слайдтар, видео, постерлер, дайындап әкелді. Өздерінің  сүйікті кітаптарын таныстырды. Оқушылыр сабаққа қызығушылықпен қатысты.

8 “А” сыныпта “Who is the best translator?”  деген сайыс жүргізілді. Оқушылыр өздерінің түсіну,аудару қабілеттерін көрсетті.  Сайыс нәтижесі бойынша Алимова Жансая бірінші орынға лайық болды.

Таженова Ж.Б. 4 «А»-4 «Б» сыныптарда «We know English»  және «Seasons and Weather» сайыс сабақтар өткізді. Сабақтарда балалар топқа бөлініп, карточкамен жұмыс жасады, ребус, кроссворд шешті, сұрақтарға жауап берді, ауызекі тілдерін дамытты. Мұғалім өз кәсіби  шеберлігін көрсете білді.

Сыздыкова С.Н.  “ Now I know English”атты сыныптан тыс іс-шараны 2 «Б» сыныбы арасында сайыс түрінде өткізіді. Сайыс бірнеше деңгейден тұрды.  Осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсете білді. Оқушылыр жақсы дайындалып келгені көрініп тұрды. Сабақта балалар сөйлеу, салыстыру , оқу қабілеттерін дамытты.

Апталықтың қорытындысы бойынша сыныптар марапатталды.Ағылшын тілі апталығы ойдағыдай өтті деп ойлаймыз.

Просмотров: 632


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст