"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан жүргізілген жазғы сауықтыру лагерінің есебі 1 апта

09.06.2020

«Еленовка  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Балдырған» демалыс-сауықтыру лагерінде қашықтықта жұмысын бастады.

Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі.

Бұл - олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде өтеді. 

Биылғы жылы сауықтыру лагері қашықтықта өтуде.Осы лагерге бастауыш сынып оқушылары қатысып, жұмыстарын атқаруда.Оқушылар құрған жоспары бойынша  өздігінен жұмыстарын фото суреттер арқылы вацап жүйесіне салуда.Оқушылар өздерінің  талпыныстарын, істеген жұмыстарын нақты көрсетуде. Ең бірінші жаттығулардан бастаймыз.Жазғы лагерде аз қамтылған отбасы балалары, сондай-ақ жайсыз отбасы балалары және қамқоршысынан айрылған көпбалалы отбасыларының балалары тартылды. Жазғы лагерьді өткізу қажеттілгі жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі секілді жайлардан туындап отыр. Лагерь бағдарламасы балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды. Мектеп жанындағы лагерьдің мақсаты - педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым-қатынасын орната отырып, оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету.

 

 

1- маусым күні  баларды қорғау күніне оқушылар суреттерін салып,кейбір оқушылар ән тақпақтарын жолдады.

 

 

Басқа да тақырыпта суреттерін салып та отырды. Әр оқушы өз жұмыстарын тиянақты орындап отырды.Кітаптарын да мұқият оқып,өз білімдерін жетілдіріп жұмыс атқарды.

 

 

 

«Арқан тарту» қазақтың ұлттық ойындарын   да ойнап та үлгердік. Шахмат  тоғызқұмалық  асық ату ойындарын да жүргізіп отырдық.

 

 

Үй алаңдарында жұмыс жасау, мысалы гүл егу немесе маңайды жинау , ата-аналарға көмектесу сияқты тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды оқушылар жақсы орындап біраз нәтиже көрсетті.

 

 

Біздің оқушылармен тамаша ән салып, би билеп та жұмыстар жасалды. Соның ішінде домбыра ,гитара аспаптарымен қазақтың ұлттық аспаптарын қалай қадірлеу керектігін де айтып өттік.

 

 

 

Велосепед пен жарысып тебейік  бұл жерде оқушылар өздері тез жылдам шапшаң жүруге,  бағыт –бағдар беріп отырамыз.Велосепедпен жүру денсаулыққа пайдалы әрі өздеріне керек нәрсе. Осылай күнделікті оқушыларға тапсырмалар  беріліп  отырды.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өздерінің сүйкімді ойыншықтары мен ойнауды , кейбір оқушылар үй жануарларын жақсы көреді.

 

 

Осындай жұмыстар атқарылды. Лагер оқушыларға жақсы ұнады, өздерінің жұмсытарын көрсетуге дайын.Қашықтық вацап арқылы оқушылар жұмыстарын жіберіп отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст